Қазақстандық боксшылар Батыр Жүкембаев (8-0, 7КО) пен Абылайхан Құсайынов (5-0, 4КО) 6-шы сәуір күні Монреальдағы (Канада, Квебек штаты) бокс кешінде жұдырықтасады. 25 жастағы Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақта 8 раундтық кездесу өткізсе, Құсайынов жеңіл салмақта 6 раундтық жекпе-жекке шығады. Қазақстандықтардың қарсыластары әлі анықталмады.

Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін Батыр Жүкембаев 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, жетеуін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал, Абылайхан Құсайынов бес жекпе-жектің бесеуінде де мерейі үстем болып, төртеуін нокаутпен ұтқан.