Бес салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер Головкин - Джейкобс жекпе-жегі жайлы пікір білдірді.

— Мен біреудің ұтылғанын көрдім. Кім екенін білетін шығарсыздар. Головкин жақсы панчер, ол соққы жасай алады. Бұл кездесуге Джейкобсты мен дайындауым керек еді. Бірақ, ол онсызда тамаша жұмыс істеді. Егер мен мансабымды аяқтамағанымда не боларын білесіз бе? Мен оны оңай ұтатын едім. Қазір мені тек ақша табуға болатын кездесулер ғана қызықтырады. Головкин деген кім? — деп Мейвезердің сөзін Fighthype жеткізді.