Prosports.kz Наурыз мерекесін атап өтіп, жанкүйерлерін мейраммен құттықтаған спортшылар топтамасын ұсынады.

«БИІК-Қазығұрт» клубының футболшы қыздары ұжым болып Шымкентте көшеге шықты. Клубтың көптеген легионерлері Наурыз мерекесінің бар ғажабын сезіне алды.

ММА спортшысы Қуат Хамитов те шетте қалмады. Жақында жанжалға тап болған «Найман» барша қазақстандықтарды көктем мерекесімен құттықтады.

Теннистен WBA (Regular) чемпионы Бейбіт Шүменов барша қазақстандықтарды Наурызбен құттықтады.

Теннисші Зарина Дияс өз парақшасында былай жазды:

«Көктемнің Наурыз мерекесі құтты болсын».

«Қайрат» АФК капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов пен қақпашысы Игита, сондай-ақ, бас бапкері Какау Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Ауыр атлетикадан әлемнің екі дүркін чемпионы Майя Манеза да Наурызбен құттықтап, өз тілегін айтты.

Теннисші Галина Воскобоева мейраммен құттықтап бейнехабарлама жазды.

Қазақстандық футболшы Илья Воротников өз жарымен бірге жыл сайын Шымбұлақта өтетін Jump and Freeze фестиваліне барды.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин АҚШ-та жүрсе де, отандастарын Наурызбен құттықтауды ұмытпады.

«Ақтөбе» ФК ҚПЛ-дің басқа клубтарына қарағанда Наурызды ерекше атап өтті. Клуб саябақта киіз үй құрастырып, облыс әкімі Бердібек Сарапбаевті қонақ қылды. Футболшылар қатарында легионерлер мен бас бапкер де болды.

Футболшы Вадим Боровский мейрамды отбасымен бірге өткізді. «Жетісудың» ойыншысы қазақстандықтарды осылайша құттықтады:

Prosports.kz те спортшылардың тілектеріне қосылады. Сіздерге бақыт пен шаттық тілейміз! Спортта бізбен бірге болыңыздар.