Мысырдағы көне заттар ісінің бұрынғы министрі әрі тарихшы Захи Хавасс Мессимен Гиза пирамидасын тамашалағаннан кейін оны ақымақ деді.
«Месси маған надан сияқты әсер қалдырды. Кездескенімізде аузынан бір ауыз сөз шықпады. Тутанхамон билігі, пирамидалар туралы, ондағы жасырын өткелдер жайлы қызықты мәліметтерді айтып жатсам үнсіз «бажырайып» отырды. Оны футболдан басқа ештеңе қызықтырмайтын сияқты, бұл үлкен ақымақтық» - деді тарихшы АS басылымына берген сұқбатында.