Бразилиялық 32 жастағы футболшы Бруно Фернандеш көңілдесін өлтіріп, бөлшектелген денесін иттерге бергені үшін жеті жылға түрмеге қамалған.
Енді ол кәсіпқой спортқа қайта оралуға ниетті. Flamengo клубының бұрынғы қақпашысы 9 командадан ұсыныс түскенін айтты. Goal басылымының мәліметінше, 2010 жылы Фернандеш Элиза Самулирды өлтірген. Олардың некесіз туған баласы бар. Футболшының айтуынша, көңілдесі алимент талап еткен. Бұған ашуланған Бруно ашынасын өлтіріп, денесін бөлшектеп, итке жегізген.