Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының шабуылшысы Таңат Нөсербаев ҚПЛ-дегі 60-шы голын «Ақтөбенің» қақпасына соқты.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, оңтүстік футбол мектебінің түлегі ішкі біріншілікте 253 рет ойын алаңына шығып, 60-шы голын соқты. Ол 2011-2016 жылдары «Астанаға» өнер көрсетіп, 151 матчта 46 голдың авторы атанған. Ал «Ордабасы» сапында 102 ойында 14 рет мергендігімен көзге түсті.