«Барселона» басшылығы келесі маусымдағы команда құрамын жасақтауды қазірден бастамақ.

Каталониялық клуб шабуыл шебін нығайтуы керек, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Осыған байланысты, Пауло Дибала мен Антуан Гризманн командаға қосылуы мүмкін. Сонымен қатар, клубтың бас бапкері Луис Энрике маусым аяқталған соң командадан кететіні белгілі. Оның орнын кім басатыны әзірге белгісіз.