Ертең, 22 наурызда, Қазақстан құрамасы Кипрмен жолдастық кездесу өткізеді.

Өкінішке қарай, бұл ойынды қазақстандық телеарналар көрсетпейді. Матчтың трансляциясы интернетте болар-болмасы әзірше белгісіз.

Айта кетейік, бұл матч Ларнакадағы «Антонис Пападопулос» стадионында өтеді. Ойынның басталуы – Астана уақытымен 22:00-де.