UFC спортшысы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонға қарсы өтпей қалған жекпе-жегі жайлы пікірін білдірді.

«Не істесең де, кім болсаң да, Жаратқанның маңдайыңа жазғанын көресің. Осы 28 жылда Құдай мен сұрамаған нәрсені де берді. Бұл жекпе-жекті көп адамның күткенін білемін. Ал мен оларды жарға жықтым. Өтпей қалған жекпе-жек үшін жанкүйерлерімнен, UFC-ден және қарсыласымнан кешірім сұраймын. Денсаулығым жақсы, шүкір, бұдан да жаман болған. Бірақ әр сынақ мені мықты қыла түседі. Қолдауларыңызға рахмет», - деп жазды Хабиб Инстаграмдағы парақшасында.