Қазақстандық дзюдошы Максим Раков Польшада өтіп жатқан Еуропа кубогында күміс медаль иеленді.

Алғашқы жекпе-жекте отандасымыз украиналық Хитсолу Даниланы ұтты. Екінші кезеңде Раков австриялық Хежендеру Максимилянді жеңсе, үшінші раундта жергілікті спортшы Уотсик Жакубодан басым түсті. Артынша, Максим белорусьтік Свириду Микитадан айласын асырды. Финалда жерлесіміз Фару Эроннан жеңіліп, Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды.