UFC спортшысы Тони Фергюсон Хабиб Нурмагомедовке қарсы жекпе-жек өтпесе де, тағайындалған сыйақысын алды. Фергюсонның сыйақысы 250 мың долларды құрады.

Нурмагомедов — Фергюсон кездесуі ресейлік спортшының ауруханаға түсіп қалуына байланысты өтпей қалған еді. Нурмагомедов салмақ қуам деп жүріп, денсаулығын нашарлатып алған.