Павлодарда белгілі дзюдошы Бақытжан Әбдікәрімовты қинауға күдікті адамдар қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот павлодарлық колонияның екі қызметкеріне қатысты бұлтартпау шарасын қатаңдату туралы шешім шығарды. Сот жабық күйде өткен. Сонымен қатар, тергеу барысында тұтқындалған қызметкерлер шындықтың ашылуынан қорқып, куәгерлерге қысым көрсеткені анықталды. Сонымен бірге, «өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу» айыбы осы арнайы мекемеде мерзімін өтеп жатқан екі адамға да тағылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы өлімнің ұстара пішініндегі құралмен мойын тұсына жасалған соққы салдарынан қан кетуден болғанын анықтады. Сараптама қорытындысы бойынша, қайтыс болған сотталушының бетінде, денесінде, басында, кеуде тұсында соққы іздері болғанын көрсетті.

Еске салайық, Бақытжан Әбдікәрімов 2016 жылдың ақпан айында Павлодардағы АП-162/3 колониясы аумағында тамағы орылған күйде табылған. Ресми нұсқа бойынша, ер адам арнайы мекемедегі терезелердің бірін сындырып, әйнек сынығымен өзін жарақаттаған. Ер адам оның жаза мерзіміне қатысты жеке шағымын қарауға екі күн қалғанда көз жұмғаны белгілі.
Айта кетейік, Әбдікәрімов ауыр дене жарақатарын келтіргені үшін түрмеде жазасын өтеп жатқан.