Қазақстандық дзюдошы Анна Казюлина мен Зарина Раифова Прагада өтіп жатқан Еуропа (European Judo Open Women) ашық біріншілігінде қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар. Алғашқы қола жүлдені 58 келі салмақта Анна Казюлина иеленді. Бұл салмақта бас жүлдені Польша спортшысы иеленсе, екінші орынды Нидерланд дзюдошысы қанжығасына байлады. Ал екінші қола жүлдені 78 келі салмақта ел намысын қорғаған спортшымыз Зарина Раифова жеңіп алды. Бұл салмақта бас жүлде бразилиялық спортшыға бұйырса, екінші орын польшалық спортшығы бұйырды.