«Боруссия» клубының шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг клубта әлі қанша жыл ойнайтыны туралы нақты жауап бере алмады. Алайда, «Боруссияның» басты бәсекелесі «Бавария» қатарына ешқашан ауыспайтынын жеткізді.

«Болашақты болжау қиынның қиыны. «Боруссия» қатарында әлі неше жыл доп теберім белгісіз. Маған дәл қазір осы клубта ойнаған ұнайды. Мүмкін осы жазда «Боруссия» мені жібергісі келетін клуб табылып қалар. Алайда мен қазір ол туралы мүлдем ойламаймын. Бір білерім «Бавария» қатарына ешқашан ауыспаймын»,- дейді Германия біріншілігінің үздік сұрмергені.

Обамеянг үстіміздегі жылы Германия біріншілігінде 15 ойынға қатысып 16 гол соқты.

«Боруссия» алғашқы айналымнан кейін 27 ұпаймен алтыншы орында келеді. Көш басындағы «Бавария» олардан он екі ұпайға ұзап кеткен.