Қарағандылық «Шахтер» оқу-жаттығу жиыны барысында нижнекамсктың «Нефтехимик» командасымен кездесті.

Тартысты өрбіген ойын «кеншілердің» пайдасына аяқталды - 2:1. «Шахтер» сапында Айдос Тәттібаев пен Милан Стоянович гол соқты.

Айта кетер жайт, «Нефтехимикті» «Ақтөбенің» бұрынғы бас бапкері Юрий Уткульбаев жаттықтырады.

Енді қаңтардың 20-ы, Алексей Еременконың командасы өзбекстандық «Насафпен» күш сынасады.

«Шахтер» – «Нефтехимик» - 2:1 (0:1)

«Шахтер»: Шацкий (Ткачук 46), Габышев, Мондэй, Василевич, Айегбуси (Ермеков 46), Казачок, Путинцев (Казанин 63), Фелисиано (Тәттібаев 67), Васильев (Әлімбаев 85), Стоянович (Оспанов 85), Станоевич