«Тобылдың» жартылай қорғаушысы Рауль Джалилов қостанайлық ұжыммен жаңа келісімшартқа қол қойды.

Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, 22 жастағы футболшы 2014-ші жылдан бері «Тобылдың» намысын қорғап келеді.