Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары 2016 жылы 491 медаль жеңіп алған. Бұл туралы baq.kz хабарлады.

Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 46 алтын, 46 күміс және 37 қола медальға ие болған. Ал, әлем чемпионаттары мен кубоктарында 46 алтын, 19 күміс және 29 қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, спортшылар республикалық турнирлерде жүлделі болған.

2016 жылы Бразилияда өткен жазғы Олимпиада ойындарына облыстан 20 спортшы қатысып, ауыр атлет шебері Жазира Жаппарқұл күміс медаль иеленсе, дзюдодан Галбадрах Отгенцэцэг қола медальға қол жеткізген болатын. Сонымен қатар, облыс тарихында тұңғыш рет Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Паралимпиадалық ойындарда өңірдің 2 спортшысы ұлттық құрама сапында жарысқа түсті. Олар: Құралбай Орынбасар (дзюдо) және Роман Агалаков (жүзу).