Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы бразилиялық Аманда Нуньес ирландиялық Конор МакГрегорға қарсы болуы мүмкін жекпе-жек жайлы пікір білдірді, деп жазады allfight.ru.

«Мен әлемнің үздік файтерлерінің рейтингісінде Конордан биік тұрмын. Егер UFC маған осындай мүмкіндік берсе, мен МакГрегорды ұта аламын деп ойлаймын», - деді бразилиялық.

Естеріңізге сала кетейін, Аманда Нуньес соңғы жекпе-жегін 31-ші желтоқсан күні Лас-Вегаста өткен UFC 207 турниры аясында Ронда Роузиге қарсы өткізген болатын. Сол кездесуде бразилиялық экс-әлем чемпионын 48 секундтың ішінде нокаутқа түсірді.