Грек-рим күресі бойынша Кофедерация Кубогының финалына шыққан құрамалар белгілі болды. Алғашқы жартылай финалдық кездесуде Алматы облысының балуандары Оңтүстік Қазақстан облысынан келген қарсыластарына 2:6 есебімен есе жіберіп қойды. Ал, екінші жұпта дәл осындай есеппен Жамбыл облысының спортшылары Солтүстік Қазақстан облысының балуандарынан басым түсті.