Жаңа ғана «Алматы Аренада» қазақ күресінен «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі аяқталды.

Финалда жерлестеріміз Моңғолия құрамасынан басым түсіп, былтыр кеткені есені қайтарды.

Биылғы додада ел намысын Марат Нығматұллаев, Ержан Мағауинов, Бақдәулет Сәбитов, Айдос Ғалымов, Дәулет Пахриддинов, Айбол Айтбек, Мұхит Тұрсынов және Айбек Нұғымаров қорғады.

Ширек финал мен жартылай финалда отандастарымыз Польша және Грузия құрамаларын жеңген болатын.