Серік Жаманқұлов: «Жанкүйер – алаңдағы алтыншы ойыншы деп бекер айтылмаса керек»

Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы Серік Жаманқұлов ProsportKZ.kz тілшісіне Польша құрамасына қарсы қарымта матч жайлы пікірімен бөлісті.

- Польшаға қарсы алғашқы кездесуде біздің құрама тарапынан қарсыласты бағаламаушылық болғандай.

- Бұған байланысты әркім әртүрлі айтады. Меніңше басты себеп, құраманың алты бірдей футзалшының сары қағазының көп мөлшерде болуы әсер етті. Көп ойыншылар сақтанып ойнады. Сол кездесуде Дәурен тағы бір сары қағаз алып, ертеңгі ойынға қатыспайды. Алғашқы матчқа қарағанда, қарымта кездесу маңыздырақ.

- Ертеңгі маңызды ойын алдында команда ішіндегі көңіл-күй қалай?

- Команданың ішіндегі көңіл-күй әрқашанда жоғары. Қиын жағдайда болса да бәріміз бір-бірімізді қолдап жүреміз. Ертең өте маңызды кездесу екендігін бәрі түсінеді. Қазақстан футзалының дамуына өз үлесімізді қосып, Әлем біріншілігіне барғымыз келеді.

- Польшаға қарсы қарымта кездесуге Ұлттық құраманың бірнеше белді ойыншылары қатыса алмайды. Осы себепті Какау мырза тактикалық өзгерістер енгізді ме?

- Тактикадан көп өзгерістер болмайды. Бірақ Польшаға қарсы арнайы тактика дайындау үстіндеміз.

- Егер ертең жолдамаға ие болып жатсаңыздар, Еуропа арқылы Әлем чемпионатына тұңғыш рет барасыздар. Бұған дейін Әлем біріншілігіне Азия құрлығы арқылы бір рет барған едік.

- Алғаш болып бардың не, екінші болып бардың не үлкен айырмашылық бола қоймас. Не дегенмен әлем біріншілігі. Жанкүйерлер де біздің жеңісімізге үйреніп қалды. Өзіміз де әрдайым жеңіс тұғырында жүргенді қалаймыз.

- Алаңға қашан қайтып ораласыз?

- Какау маған сәл демалыс берді. Кеше жалпы топпен бірге жаттығу жасадым. Құдайға шүкір, айығып келемін. Бірақ сәл-сәл ауырады. Дегенмен, өз алаңымызда, жанкүйерлеріміздің алдында өнер көрсететіндіктен бәрі ұмытылып кетеді.

- Жанкүйерлерге айтар тілегіңіз.

- Келіңіздер, қолдаңыздар! Өте маңызды ойын болғалы тұр. Сіздердің қолдауларыңыз біздерді жігерлендіре түседі. Жанкүйерлерімізге дән ризамыз. Біз қолдау көрсеткендей Қазақстанның ешбір жерінде жанкүйерлік етпейді. Тіпті, Еуропаға қарағанда, бізде ерекше қолдайды. Алаңда жүргенде қолдауларыңыз ерекше байқалады. Жанкүйер – алаңдағы алтыншы ойыншы деп бекер айтылмаса керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или