Балалар және жасөспірімдер футболын дамыту жобасын қабылданды

Балалар және жасөспірімдер футболын дамыту жобасын қабылданды

Кеше Алматыда балалар және жасөспірімдер футболын дамыту мәселелері бойынша конференция өтті.

Конференцияға клуб басшылары, жастар футболын дамыту бағдарламаларының жетекшілері, футбол орталықтарының жаттықтырушылары, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, олимпиадалық резерв даярлау мектебі, жеке мектептердің өкілдері, сонымен қатар футбол ардагерлері қатысты.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Қазақстан 2016-2026 жылдары футболды дамыту бағдарламасының алғашқы бөлімі балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту жобасын таныстырды. Шараға ҚФФ вице-президенті Берік Қаниев және техникалық директор Владимир Белявский қатысты.

Жобаның алғашқы бөлімі балалар және жасөспірімдер футболының өзекті мәселелері қызу талқыланды. Оның ішінде «Жас Қыран» лигасын кеңейту, футбол орталығынан немесе спорт мектебінен басқа орталыққа ауысқан баланың жаттықтырушысына үстемақы төлеу мәселесі көтерілді. Инфрақұрылымды дамыту, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысатын жарыстардың аздығы айтылды.

Конференция қорытындысы бойынша балалар және жасөспірімдер футболын дамыту бөлімінің жобасы бірауыздан мақұлданды.

Шарадан кейін федерация басшылығы, клуб жетекшілері мен жастар футболын дамыту бағдарламасының өкілдері футбол орталықтары мен академия арасындағы біріншілікті өткізу мәселесін талқылады.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или