Рамазан Оразов жазда «Ақтөбеге» оралуы мүмкін

Қазақстан құрамасының және Данияның «Силькеборг» клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов жазда «Ақтөбе» қатарына қосылуы ықтимал. Бұл туралы «Серый CARDINAL» телеграм-арнасы хабарлады.
Дереккөздерге сүйенсек, Оразов бір ай бұрын-ақ Ақтөбеге қайтқысы келетінін айтқан. Себебі Данияда ол алаңға жиі шықпай жүр, ал футболшыға тұрақты ойын тәжірибесі керек.
Қазіргі таңда бұл ауысымға ешқандай кедергі жоқ, сондықтан трансфер жазда жүзеге асуы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или