Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы нешінші орын алды

Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы нешінші орын алды

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының жалпы медальдар кестесінде нешінші орын алғаны белгілі болды.

Қазақстан ерлер құрамасы 4 алтын, 5 күміс, 1 қола, барлығы 10 медаль жеңіп алды. 

Атап айтқанда, Махмұд Сабырхан (54 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) және Айбек Оралбай (+92 кг) алтыннан алқа тақты.

Қазақстан әйелдер құрамасынан Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Елдана Тәліпова (+81 кг) чемпион атанса, тағы 5 боксшы қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы барлығы 9 алтын, 5 күміс, 6 қолаға қол жеткізді. Бұл көрсеткіш жөнінен Қазақстан екінші орынға шықты. Алтын медаль бойынша Өзбекстан ғана (11) алда тұр.

Қазақстан әйелдер құрамасы медальдар саны жөнінен көш бастаса, ерлер Өзбекстанды (8 алтын, 2 күміс, 1 қола) алға жіберді.

Азия чемпионатының жеңімпаздары 8 мың АҚШ доллары (4,1 миллиондай теңге), күміс жүлдегерлер 4 мың, қола алғандар 2 мың доллар көлемінде сыйақы алды. 

Источник: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или