«Каспий» клубында ОЖЖ-ға бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған

«Каспий» клубында ОЖЖ-ға бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған


«Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны белгілі болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеді. 

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің екі танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені анықталды. Сонымен қатар 15 млн теңгені қорқытып алуға әрекеттенген.

2024 жылдың 3 желтоқсанында футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» есімді азаматтарды қамауға алуға санкция берілді. 

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді. 

Источник: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или