Тағы екі боксшымыз Азия чемпионатында жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті

Тағы екі боксшымыз Азия чемпионатында жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті

Аида Әбікеева мен Милана Сафронова келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz 

63 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Аида Әбікеева өзбек қызы Дильфуза Бековадан айласын асырды. Бірінші раундта қарсыласына есе жібергенмен, кейінгі екі раундта басымдығын байқатты. Осылайша төрешілер шешімімен (4:1) жеңіске жетті.

Милана Сафронованың (66 келі) алғашқы кездесудегі тайпейлік қарсыласы жарыстан бас тартуына байланысты, Қазақстан боксшысы бірден жартылай финалға өтті.

Бұған дейін, Махмұд Сабырханның қарсыласын нокаутпен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алғаннын, жазған болатынбыз.

Источник: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или