Жастар арасындағы Азия ойындары Өзбекстанда өтпейтін болды

Жастар арасындағы Азия ойындары Өзбекстанда өтпейтін болды

Жастар арасындағы Азия ойындары өтетін ел белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Азия Олимпиада кеңесі жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары Өзбекстанда өтпейтінін хабарлады. 

2025 жылы Ташкентте өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары Өзбекстанда өтпейді. Жарысты Бахрейн елі қабылдайды. Бұл ақпаратты Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі растады. Сондай-ақ, 2 желтоқсанда бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі әлеуметтік желідегі парақшасында ресми түрде хабарлады.

– Азия Олимпиадалық кеңесі Өзбекстан астанасы Ташкентте өтуі тиіс болған жасөспірімдер арасындағы ІІІ Азия ойындарының өтпейтінін хабарлады. 2024 жылдың 2 желтоқсанында Атқару кеңесінің отырысында қабылданған шешімге сәйкес, енді іс-шара 2025 жылы Бахрейнде өтеді, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2019 жылы қыркүйекте Дохада өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімімен Өзбекстан 2025 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болған еді. Тіпті, Министрлер Кабинетінің 2020 жылғы 8 тамызда «Конкурсқа дайындық шаралары туралы» қаулысы бекітілген еді.

Источник: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или