Михаил Шайдоров: Гран-при финалындағы мақсатым - барынша сәтті өнер көрсету
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Гран-придің финалдық кезеңіне өткен алғашқы қазақстандық атанды. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында спортшы бұл жарыста сәтті өнер көрсетуге тырысатынын атап өтті.
“Бұл жаңалықты қабылдау қиын болды, өйткені Гран-придің финалында өнер көрсетуге мүмкіндігім бар екеніне толық сене алмадым.
Қазір өте қатты қуаныштымын, себебі мен осыған дейін көп еңбек еттім,сондай-ақ атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беруде. Бірақ бұл жерде тоқтап қалмаймын. Әлі де түзетуді қажет ететін және алға жылжуды талап ететін көптеген тұстар бар.
Өзімді қолға алуға тырысып жүрмін, дегенмен бұл қиын, өйткені Қытайдағы кезең сезімге толы болды. Сол жерде бар мүмкіндігімді көрсетуге тырыстым. Қазір тез қалпыма келіп, финалда сенімді өнер көрсетуге дайындалудамын.
Менің мақсатым – барынша сәтті өнер көрсету. Әрине, қолымнан келгенше. Сондай-ақ өз өнеріме тәнті болу”, – деді Шайдоров.
Айта кетейік, Гран-при финалы 5-8 желтоқсан аралығында Францияның Гренобль қаласында өтеді