Мауро Икарди қамауға алынды
«Галатасарайдың» 31 жастағы аргентиналық шабуылшысы Мауро Икарди тізесіне ота жасататын Буэнос-Айреске келіп, жанжалға тап болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы медициналық процедурадан бұрын бұрынғы әйелі Ванда Нараның үйінде уақытша тұруды шешкен. Алайда олардың арасындағы кикілжіңнен кейін Ванда полицияға шағымданып, Икарди оны қарумен қорқытқанын, оның өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан. Тәртіп сақшылары Икардидің пәтеріне келгенде футболшы ұйықтап жатқан. Тінту кезінде қару табылмады, бірақ Икардиге бұрынғы әйелі мен оның үйіне жақындауға тыйым салынып, полиция бөліміне жеткізілді.
Вандамен ажырасқаннан кейін Мауро Икарди әлеуметтік желілерде бірнеше рет арандатушылық жазбалар жариялағаны белгілі. Бірнеше уақыттан кейін полиция футболшыны еркіндікке жіберді. Ойыншы бірнеше күннен кейін тізесіне ота жасатады.
Естеріңізге сала кетейік, Түркия чемпионатының ағымдағы маусымында Икарди клуб сапында жеті матчта төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берген.