Джуд Беллингем жарақат алды

Джуд Беллингем жарақат алды

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Испания Ла Лигасының 15-ші турында «Хетафемен» өткен ойында (2:0) жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ағылшын футболшысы бірінші таймда жарақат алып, үзілісте алмастырылды. Реал Мадридтің бас бапкері Карло Анчелотти Беллингэмнің жарақаты туралы: «Ол мойнын ауыртып алды. Бірнеше күннен кейін қалыпты жағдайға оралады», - деді.

«Хетафемен» өткен матчтағы екі голдың бірін Джуд Беллингем соққанын айта кетейік: ол 30-минутта пенальтиді орындады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или