ҚХЛ: «Барыс» қатарынан бесінші ойында жеңілді
«Барыс» ҚХЛ негізгі маусымындағы матчта мәскеулік ЦСКА-дан жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мәскеуде өткен кездесу де 3:1 есебімен ЦСКА жеңіске жетті.
Шайба соққандар: Максим Мамин, Константин Окулов және Егор Фатеев. «Барыс» сапында жалғыз шайбаны Антон Бурдасов соқты.
Бұл «Барыстың» қатарынан бесінші жеңілісі екенін айта кетейік, бұған дейін «Барыс» клубы «Амур» (0:3), «Авангард» (қосымша уақытта 2:3), «Сибирь» (0:2) және «Металлург» (0:2) командаларынан жеңілген болатын.
Айта кетейік, «Барыс» келесі кездесуін өз алаңында 4 желтоқсан күні «Спартакпен» өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или