«Бешикташ» бас бапкерімен қоштасты
«Бешикташ» футбол клубы 2024 жылдың маусым айында тізгін ұстаған голландиялық маман Джованни Ван Бронхорсттың кеткенін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
28 қарашада түрік клубы Еуропа лигасы матчында «Маккабиден» (1:3) ұтылды. Түркия суперлигасында команда төрт кездесу қатарынан жеңіске жете алмай, үш рет жеңіліске ұшырады. Ван Бронкхоррсттың орнына команданы Сердар Топрактепе жаттықтыратын болады.
Біз Джованни ван Бронкхорст мырзаға және оның командасына Бешикташқа көрсеткен қызметі үшін алғыс айтамыз және олардың болашақ мансабында сәттілік тілейміз», - делінген түрік клубының ресми сайтында.
Айта кетейік, Зайнутдинов ван Бронхорсттың жетекшілігімен екі матчқа қатысып, төрт минут ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или