«Семей» cловакиялық қарсыласын ірі есеппен жеңді
Қазақстандық «Семей» футзал клубы Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі үшінші ойынын словакиялық «Мимель Лученец» командасына қарсы өткізіп, ірі есеппен жеңіске жетті.
Кездесу 8:1 есебімен аяқталды. Семейлік клубтың легионері Дедезиньо покер жасады. Ол 5, 10, 23 және 30-минутта көзге түсті. Феррао (6), Шыңғыс Есенаманов (9), Ержан Кәрменов (35) және Вашингтон Луи (38) бір голдан соғып, есепті еселей түсті. Словакиялық команданың сапында Хуан Молеро ғана ойынның 31-минутында жұбаныш голын салды.
Бұл жеңісінен кейін семейліктер D тобында 6 ұпай жинап, екінші орынға жайғасты. Осы топтағы польшалық «Рекорд» пен испаниялық «Пальма» командалары 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні кездеседі.
Источник: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или