Өзбекстандық файтердің UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды
UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы бразилиялық файтер Джонни Уокер 2025 жылы өтетін UFC 311 турнирінде 32 жастағы өзбекстандық және ресейлік спортшы Богдан Гуськовпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Джонни Уокер кәсіпқой ММА-дегі дебютін 2013 жылдың желтоқсанында өткізген. Келесі төрт жыл ішінде ол Бразилияда жекпе-жектер өткізіп, 10 жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліп қалған еді. Оның барлық жеңісі мерзімінен бұрын аяқталған. Уокер 2018 жылдың 11 тамызында Дана Уайттың Contender Series-та дебютін өткізген. Ол Энрике да Силвамен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс оған UFC-де өнер көрсету мүмкіндігін сыйлады.
Богдан Гуськов кейінгі жекпе-жегін 27 сәуірде өткізіп, америкалық Райан Спэннды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.