Дулат Бекбауов Азия чемпионатының 1/4 финалына шықты
Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Чиангмай (Таиланд) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы тайбэйлік Ванг Чиуанға қарсы жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша Дулат Бекбауов 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 желтоқсанға дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или