Ресейлік футбол төрешісі 28 жасында қайтыс болды
Футбол төрешісі Эмир Привалов 28 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«РФО Эмир Приваловтың жақындары мен туыстарына көңіл айтады және жерлеу рәсімін ұйымдастыруда қаржылай қолдау көрсетеді. Сочи қаласынан шыққан төреші 28 қарашада өмірден өтті. Эмир Привалов 1996 жылдың 9 шілдесінде дүниеге келген. Футбол төрешісі мансабын 2016 жылы бастаған. 2021/2022 маусымынан бастап Екінші лига матчтарында жұмыс істей бастады», – деп жазды РФО баспасөз қызметі ұйымның ресми сайтында жарияланған хабарламасында.
2024/2025 маусымында Эмир Курскінің «Авангард» мен «Волгарь», «Кубань» мен «Текстильщик» арасындағы матчтарда, сондай-ақ басқа да бірқатар кездесулерде төрелік етті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или