Зидан бапкерлік карьерасын Бірінші лигада жалғастыруы мүмкін
Француз маманы Зинедин Зидан бапкерлік карьерасын Бірінші лигада жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Transfer News Live ақпараты бойынша, ПСЖ басшылығы Зиданның кандидатурасына қызығушылық танытып отыр. Париждік клуб Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмаған жағдайда, Луис Энрикені қызметінен босату мүмкіндігін қарастыруы мүмкін екені айтылған.
Зинедин Зидан 2016-2018 және 2019-2021 жылдар аралығында «Реал Мадридті» жаттықтырды. Француз бапкері «корольдік клубпен» екі рет Испания чемпионы, екі рет Испания Суперкубогының иегері және үш мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или