Иван Дычко жаңа промоутерлік компаниямен келісімшарт жасасты
All Stars Boxing лигасының басшысы Зия Алиев Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычконы алға жылжыту бойынша алдағы жоспарларын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Иван қазір WBА рейтингінде 14-орында тұр. Ол желтоқсанда Фьюри мен Усиктің кардында өнер көрсетуі керек еді, бірақ оған қарсылас таба алмады. Бес боксшы онымен жекпе-жекке шығудан бас тартты. Біз Дилиан Уайт, Джо Джойс, Чжан Чжилейді сұрадық, бірақ олар келіспеді. Ол олар үшін қауіпті қарсылас. Қазір Иван рингте Джошуаны сезбей өтеді, ол оны оңай нокаутқа түсіреді. Ваняның боксы өзгерді, жаңа бапкері бар, соққылары мықтырақ болды. Біз оған сенімдіміз. Дычко жаңа промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырды, бұл туралы біз бұған дейін айтқан едік. Қазір ол Алматыда жекпе-жек өткізеді, содан кейін ақпанда Riyadh Season-ға оралады. Ваня жаңа америкалық бокс лигасы басталғанға дейін сонда өнер көрсетеді», – деді Алиев.
Еске сала кетейік, Иван Дычко кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп, олардың 13-інде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын.