Ига Швентек триметазидинге тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсетті
«Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы Ига Швентек допингке қарсы бағдарлама аясында теннистен бір айға шеттілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
ITIA ресми пресс-релизінде Швентектің триметазидинге (TMZ) сынамасы оң нәтиже көрсеткені айтылды. Тергеу барысында бұл заттың көзі спортшы ұйқы проблемаларына байланысты қабылдаған мелатонин препаратының ластануы болғаны анықталды. Нәтижесінде, шеттету тек бір айға созылды — 2024 жылдың 12 қыркүйегінен бастап, осы себепті Швентек үш турнирді жіберіп алды.
Сонымен қатар, Швентек сынама алынғаннан кейін бірден өткен Цинциннатидегі (АҚШ) WTA-1000 турнирінде өнер көрсеткені үшін ақшалай сыйлығынан айырылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или