Алан Құрманғалиев жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліс тапты
Үстел теннисінен Хельсинборг қаласында (Швеция) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев 1/8 финалдық матчта жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл кезеңде Құрманғалиевтің қарсыласы неміс спортшысы Андре Бертельсмайер болды. Кездесу 4:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, 17 жастағы Алан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер санатында өнер көрсетті.
1/16 финалда Құрманғалиев Камерундық Юлан Батиксты 4:3 есебімен жеңіп, жарысты жалғастырған еді.
Сонымен қатар, ол жұптық сайыстарда да бақ сынады. Төменде оның нәтижелері көрсетілген:
Жұптық сайыс, 1/8 финал
Алан Құрманғалиев/Вассим Эсид (Қазақстан/Тунис) - Флавьен Котон/Натан Лам (Франция) 1:3.
Аралас жұптық сайыс, 1/16 финал
Алан Құрманғалиев/Вонг Хой Тунг (Қазақстан/Гонконг) - Исак Альфредссон/Агнес Свенссон (Швеция) 2:3.