Қазақстан тумасы UFC-де кіммен кездескісі келетінін айтты

Қазақстан тумасы UFC-де кіммен кездескісі келетінін айтты

UFC-дің жеңіл салмақтағы файтері, Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев 2023 жылдың қыркүйегінде польшалық Матеуш Гамротқа қарсы жекпе-жекте алған жарақатынан кейін оралу үшін қарсылас таңдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Гамроттан жеңілгеннен кейін, операциядан кейін менеджеріммен сөйлесіп, оған айттым: «Тыңдаңыз, мен реваншты қалаймын, бұл жігітпен жекпе-жек өткізгім келеді. Маған реванш керек». Мен әлі де элиталық файтермен жұдырықтасып, өзімді сынағым келеді. Егер бұл жекпе-жек өтетін болса, тамаша болады», - деді Физиев Submission Radio YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Рафаэль Физиев 31 жаста. Файтер UFC-дегі дебютін 2019 жылы өткізді, оның еншісінде алты жеңіс пен үш жеңіліс бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или