Әдлет Бәрменқұловтың орнына ықтимал кандидаттар аталды

Әдлет Бәрменқұловтың орнына ықтимал кандидаттар аталды

20 желтоқсанда Қазақстан футбол федерациясын кім басқаратыны белгілі болады. Қазіргі уақытта бұл қызметке екі негізгі үміткер бар, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Күн сайын біздің футбол үшін маңызды күн – 20 желтоқсан жақындап келеді. Бұл күні ҚФФ-ның жаңа басшысы сайланады. Түрлі болжамдар мен «партияның ішкі күресінен» кейін кейбір ақпарат көздеріне сәйкес екі кандидат қалды. Бұл – Қазақстан Республикасының бұрынғы Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қазіргі төрағасы Марат Омаров. Омаровты ҚФФ мүшелерінің бірі ұсынған сияқты. Ештеңе өзгермесе, олардың бірі Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болады», - деп жазды «Серый CARDINAL».

Еске салайық, қарашаның басында Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кету туралы шешім қабылдаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или