«Қайрат» ФК сапынан үш ойыншы кетті
«Қайрат» ФК бүгін бірден үш футболшымен қоштасты, команда сапынан жартылай қорғаушылар Дмитрий Сергеев, Андрей Ульшин және Арсен Буранчиев кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Дмитрий Сергеев келісімшарт мерзімі аяқталған соң «Қайраттан» кетеді.
Сергеев клубқа 2023 жылдың басында қосылған. Осы уақыт ішінде футболшы «сары-қаралар» сапында ол 53 матч өткізіп, 6 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. «Қайратпен» бірге Дмитрий 2024 жылы Премьер-лига чемпионы атанған еді.
24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Андрей Ульшин келісімшарт мерзімі аяқталған соң «Қайрат» сапынан кетеді.
Ульшин – клуб түлегі. Оның негізгі командадағы дебюті 2020 жылы Премьер-лиганың 19-турындағы «Қызылжарға» қарсы матчта (2:3) өтті. Андрей «Қайратта» 81 матч өткізіп, 9 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.
Ол – екі дүркін Премьер-лига чемпионы және Қазақстан кубогы иегері.
23 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Арсен Буранчиев «Қайрат» клубынан келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты командамен қоштасты.
Арсен – клуб түлегі. Ол 10 жылдан астам өмірін «сары-қаралар» жүйедесін өткізген. Оның негізгі құрамдағы дебюті 2020 жылдың қараша айында «Қызылжарға» қарсы ойында өтті. Содан бері ол «Қайрат» сапында 66 матч өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Буранчиев екі дүркін Премьер-Лига чемпионы және 2021 жылғы Қазақстан кубогының иегері атанған еді.
Айта кетейік, Арсен былтыр «Ақтөбеге» қарсы матчта басынан алған ауыр жарақатынан айықты. Біраз уақыт бойы ол қорғаныс таңғышымен ойнауға мәжбүр болды.