Қазақстандық футболшы ойнайтын клубтың миллиондаған қарызы бары анықталды
«Химки» ірімшік, йогурт, сүзбе, компот және картоп пюресі қосылған котлет үшін 4 миллион рубль қарызы үшін сотқа берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Mash басылымының мәліметінше, ресейлік клуб футболшылардың таңғы мен түскі астарына азық-түлік үшін бір жыл бойы төлемей келген.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкер Александр Рожков «Химкимен»2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол клубқа тамақ алып, ас әзірлеп, келісімшарт бойынша ақшасын уақытында алып отырды. Бірақ 2023 жылдың соңы мен осы маусымның басынан бастап бәрі өзгерді.
Айта кетейік, қазақстандық футболшы Лев Скворцовтың «Химки» клубымен келісімшарты бар, бірақ қазір ФНЛ-да «Шинник» сапында жалда ойнап жүр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или