Волейболдан Қазақстан чемпионаты: «Жетісу» алғаш рет жеңіліп қалды
Атырау қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ХХХІІІ Қазақстан чемпионатының бірінші турының соңғы күні «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тараз» алаңға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Юрий Башкатов жаттықтыратын тараздықтар биыл көктемде чемпион атанса, талдықорғандықтар бірінші тур барысында жеңілмей келе жатқан еді.
Бұл жолы алғашқы екі партияда тараздықтар басымдылық танытты – 25:19, 26:24. Содан кейін Марат Адрышевтің шәкірттеріне кезек келді – 25:23, 25:14. Соңғы, бесінші сетте «Тараз» жеңісті жұлып алды – 16:14. Жалпы есеп – 3:2.
Осылайша, чемпионатта жеңілмеген команда қалмады.
Талдықорғандықтар 15 ұпаймен бірінші турда көш бастаса, тараздықтар (12 ұпай) екінші орынға көтерілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или