«Астана» мен «Қайсардың» экс-ойыншысы «Милан» қақпасына гол соқты

«Астана» мен «Қайсардың» экс-ойыншысы «Милан» қақпасына гол соқты

Бұрын қызылордалық "Қайсар" және елордалық "Астана" клубтарында ойнаған армениялық футболшы Тигран Барсегян УЕФА Чемпиондар лигасының 5-турында әйгілі италиялық "Милан" командасының қақпасына гол соғып, ерекше көзге түсті.

Қазіргі уақытта Тигран Барсегян словакиялық "Слован" командасының сапында ойнайды. УЕФА Чемпиондар лигасының 5-туры аясында "Слован" клубы өз алаңында "Миланға" қарсы тартысты матч өткізді.

Бірінші таймда италиялық команда сапынан Кристиан Пулишич есеп ашқанымен, армениялық Тигран Барсегян 24-минутта қарымта шабуылда таразы басын теңестірді. Екінші таймда "Милан" клубының ойыншылары екі доп соғып, алға шықты. "Слован" командасы бір голмен жауап бергенімен, жеңіс үшін бұл жеткіліксіз болды. Нәтижесінде "Милан" клубы 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

Источник: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или