Кирилл Герасименко үстел теннисінен Азия намысын қорғайды
Кирилл Герасименко Азия құрамасына енді, деп хабарлайды Prosports.kz
13-15 желтоқсан аралығында Норвегияда ардагерлер мен қазіргі үстел теннисінің әлем жұлдыздарының қатысуымен алғашқы Вальднер Кубогы өтеді.
Қазақстандық Кирилл Герасименко Азия құрамасының сапында өнер көрсетеді. Азия құрамасында сондай-ақ алты дүркін Олимпиада чемпионы Ма Лонг, Чэнь Мэн, Джанг Вуджин, Лим Джонхун, Шин Юбин және Маника Батра ойнайды.
Әлем құрамасының сапында Халықаралық үстел теннисі федерациясы ХХ ғасырдың үздік ойыншысы деп таныған Ян-Уве Вальднер, Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас және Бернадет Сёч өнер көрсетеді.
Источник: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или