Бекзат Алмаханның октагонға қайта оралатын күні белгілі болды
Бірнеше қазақстандық UFC файтерлерінің ісін басқаратын менеджер Саят Әбдірахманов жеңіл салмақтағы Бекзат Алмаханның (11-2) октагонға қайта оралатынын айтты, деп жазады Prosports.kz.
Наурыз айында Алмахан UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізіп, төрешілер шешімімен ресейлік Умар Нурмагомедовтен (18-0) жеңіліп қалған болатын.
— Бекзат, өкінішке орай, Умармен төбелесіп, тізесін жарақаттап, ота жасатып, оңалту курсынан өтті. Қазір ол Тайландта оқу-жаттығу жиынында. Ол ақпан айында оралуға дайын. Сондықтан оның келуін күтіп отырмыз. Келесі жолы бізге уәде еткендей, қарсылас оңайырақ болады (жымиды), - деді Әбдірахманов «Ushataika» YouTube арнасына берген сұхбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или