Бекзат Алмаханның UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Бекзат Алмаханның UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Менеджер Саят Әбдірахманов «Ушатайкаға» берген сұхбатында Бекзат Алмаханның тізе жарақатынан айыққанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спорт Шредингера телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Ақпан айында Алмахан UFC-дегі дебютінде рейтингте екінші орында тұрған Умар Нурмагомедовтен жеңіліп қалды. Бекзат жекпе-жек басталғанда Умарды нокдаунға түсірген еді.

«Бекзат тізесін жарақаттап, ота жасатып, оңалту курсынан өтті. Қазір Тайландта жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ақпан айында оралуға дайын. Келесі қарсылас оңайырақ болады деп уәде берді (күледі)», - деді Әбдірахманов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или