«Кешірім сұрайтындай емес». Черчесов қазақ тіліне қатысты дау жайында

«Кешірім сұрайтындай емес». Черчесов қазақ тіліне қатысты дау жайында

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында қазақ тіліне қатысты дау жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ештеңе болған жоқ. Шынымен, ештеңе болмады. Барын айтып отырмын. Бұлай шулайтындай болмады. Ешбір журналиске ренжімедім, жаман ештеңе айтпадым. Өз жұмысымды істеп жүрмін. Өзімнің үстімнен де қалжыңдаймын.

Журналист құрама матчына «ПСЖ» формасымен келді де, алғашқы сұрақты қойды. Мен қалжыңдап жауап бердім. Қалжыңымды түсінбесе, қате менен. Бірақ кешірім сұрайтын жайт емес, себебі ештеңе істемедім. Мен тіпті жұрт неге олай қалжыңдағанымды түсінуі үшін журналиске орнынан тұруын сұрадым», - деді Черчесов.

Еске салайық, Черчесов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында қазақ тілінде сұрақ қойған журналистің сөзін бөліп, «Қазір французша сөйлеп тұрсың ба?» деп сұраған еді. Артынша сол әзілі үшін Черчесовке айыппұл салынған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или